"Отбасы-бақыт мекені" апталығы өтті.
2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бекітілген жоспарға сай өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылып, «Менің үлгілі отбасым» тақырыбында тәрбиелік шаралар өткізіліп,бейнероликтер дайындалды.
14 қыркүйекте БҰ мүшелері Отбасы апталығының ашылуына байланысты «Мен бақытты баламын» атты флеш-моб өткізді.
15 қыркүйекте 5-10-сынып оқушылары арасында «Бақытты отбасы-бақытты ел» тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылып, үздік деп танылған оқушылар марапатталды.
1-4-сынып оқушылары «Менің бақытты отбасым» атты суреттер көрмесін безендірді.
8-сынып оқушылары «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында жадынамалар дайындап, әлеуметтік желілерде таратты.
9-сынып оқушылары арасында «Отан отбасынан басталады» дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 1-11-сыныптарда «Отбасы-бақыт мекені» атты сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп-гимназияның 1-11-сынып оқушылары отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мен отбасыммен мақтанамын тақырыбында бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.