19
November
2020
23 қараша-жалпыадамзаттық құндылықтар күні атап өтілді
Almaty regionның білім басқармасының 2020 жылғы 12 қарашадағы №42-42 /2601 хатына сәйкес, 23 қараша- Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін атап өту мақсатында, мектеп-гимназия оқушылары мен ата-аналары мен ұстаздар қауымы арасында адамның рухани –адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
1-11-сыныптарда «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
5-11-сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында өлең, шығарма, эссе байқаулары ұйымдастырылды.
1-4-сынып оқушылары «Жүрек қуанышы» тақырыбында суреттер салып, қолөнер көрмесін безендірді.
Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Бақытты отбасы» тақырыбы аясында бейнероликтер дайындалып, отбасылық құндылықтар насихатталды.
23 қараша-Жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет әлеуметтік желілерде жарияланды.