Отбасылық тәрбие бағытында қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар туралы анықтама
Ата-аналар, әжелер,әкелер кеңестерінің құрамдары жаңартылып, жылдық жұмыс жоспарлары бекітілді. Ата-аналар кеңесінің отырысы өтті.
7-қыркүйек Отбасы күніне орай «Менің бақытты отбасым», «Мен бақытты баламын», «Бақытты отбасы-бақытта бала» тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, отбасы құндылықтары насихатталды.
https://www.instagram.com/p/CTpeH2il7_c/?utm_=share_sheet
1-4-сынып оқушылары арасында «Мен отбасымда бақыттымын» презентациялар көрсетілімі ұйымдастырып, оқушылар «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында бейнероликтер дайындады.
8-сынып оқушылары арасында «Бақытты отбасы-бақытты бала» атты тәрбиелік шара өтті.
6-сынып оқушылары арасында «Менің оқырман отбасым» атты тәрбиелік шара өтіп, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасында кітап оқу мәдениеті насихатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Парасатт» отбасы» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.