«Жұмысшы мамандықтар – еліміздің тірегі»
22 қыркүйек күні «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназия» КММ 2,4,6-11-сыныптары арасында «Еңбектің қадірін біл!», «Жұмысшы мамандықтар – еліміздің тірегі» тақырыбында сынып сағаттар өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға еңбекке деген құрмет пен жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ әр мамандықтың еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосар үлесін насихаттау болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға еңбек жолының қадірі мен оның қоғамдағы алатын орны туралы мағлұматтар берілді. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарының қажеттілігі мен олардың еліміздің тұрақты дамуына ықпалы кеңінен талқыланды. Оқушылар арасында бұл тақырыпқа қатысты пікірталастар ұйымдастырылып, әр мамандықтың жауапкершілігі мен ауыртпалығы туралы ойлар ортаға салынды.
Шара барысында оқушылар еңбекқорлық, адалдық және кәсібилік туралы түсініктерін тереңдетіп, жұмысшы мамандықтарының еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғынды. Бұл сынып сағаттары балаларды еңбекке баулып, өз болашақтарын құрметпен қарауға, әр мамандықтың қадірін түсінуге тәрбиелейді.