28
January
2025
Кәсіптік бағдар берілді
28 қаңтар күні «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» КММ-не Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті номері 57 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Фазилов Самат Санатұлы, кадр бөлімінің бастығы -Казамбаева Карлыгаш Кошеновна, кадр бөлімінің аға инспекторы -Иланбеков Бакыт Маманович келіп, 9- 11-сынып оқушыларына “Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қалай түсуге болады?” тақырыбында жиын өткізді. Кәсіби бағдар беруге бағытталған кездесу барысында мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әскери оқу орны туралы толығырақ білгісі келген оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.