«Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында өткен мектепішілік челлендж
2026 жылғы 25 ақпан күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ізгі ниет» атты мектепішілік челлендж өткізілді. Челлендж барысында қатысушылар: Бір-біріне, ұстаздарына және ата-аналарына алғыс хаттар жазып, ризашылықтарын білдірді; Сынып немесе топ болып 1–2 минуттық алғыс видеороликтерін дайындап, мектептің әлеуметтік желілері мен ақпараттық тақтасында көрсетті; Іс-шара барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластығы, позитивті қарым-қатынасы артты, алғыс айту мәдениеті насихатталды.