06
апрель
2022
Ойын-жаттығулар
5-сынып оқушыларымен "Жіп бойындағы сурет", "Ашулы шарлар" атты ойын-жаттығулар өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа,ұжымдасып еңбек етуге ұжымдық ойлауға, біреудің бастаған ісін ұжымдасып аяқтауға және бойдағы агрессияны шығаруға үйрету. ойын жаттығу барысында балалар бес баладан топтасып, топ болып жұмыс атқарды. Топ басының бастаған суретін басқа оқушылар белгіленген уақытта сюжетін кеңейтіп салу керек.Бұл жұмыс этафета арқылы жүреді. Ойын барысында балалар ұйымшылдық,тез ойлап тез шешу мен тез әрекет етудегі жылдамдықтарын көрсетті. "Ашулы шарлар" ойынында балаларға ашуланғанда , ызаланғанда өз бойындағы агрессияны қалай шығару туралы жаттығулар көрсетіліп,орындалды. Шарды үрлеу арқылы бойдағы ашуды бір жерге жинауға және жару арқылы ашуды бойдан шығаруға болатындығы ойын арқылы көрсетілді. Ойын-жаттығулар қызықты өтті.