Орта буынға бейімделудегі проблемалар
Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс. (Ғ.Белгібаева,М.Майкенова)
Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтуі – қазіргі күнге дейін мектептің актуальді мәселесі болып келеді.
Бұл кезең – оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, оларды енді қанатының астына алғалы отырған мұғалімдері үшін де – ең бір жауапты да қиын кезең. Сондықтан бұл кезеңді бала өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл қиындық жас ерекшелігіне байланысты жүктемелердің көбеюі, яғни 5-сыныпта оқу жүктемесі, оқу жағдайы күрт өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Оларға негізгі пәндерден бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берсе, орта буында көптеген мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді, кабинеттік жүйе де балаларға өз ауыртпалықтарын салады, салмақты сөмкелерін арқалап, қабаттан-қабатқа жүгіріп жүру де 10-11 жастағы балалар үшін жеңіл шаруа емес. Сондай-ақ, мұғалімдердің сан алуандығымен қатар, олардың қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалімнің бала жанын түсініп, қамқор болуы, бір мұғалімнің шектен тыс қатал, талапшыл болуы, кейбір мұғалімдердің дауыс көтеруі – бәрі орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары хақ, осы жайлардың бәрі жас жеткіншек психикасына оңай емес.
Мектеп психологтары М.Майкенова, Ғ.Белгібаева 5 сынып ата-аналарымен сұқбаттасты.Ата-аналар тарапынан ұсыныстары мен тілектері тыңдалды. 5 сыныпта оқитын баларының мектепке көзқарасы , оқу мотивациясындағы олқылықтарды жою, психологиялыоқ бейімделуі жөнінде кеңестер берілді, психологиялық қолдау көрсетілді.