1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.
Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.
Мектеп психологтары М.Майкенова, Ғ.Белгібаева 1сынып ата-аналарымен сұқбаттасты.Ата-аналар тарапынан ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.1 сыныпта оқитын баларының мектепке көзқарасы , психологиялық бейімделуі жөнінде кеңестер берілді, психологиялық қолдау көрсетілді,және ата-аналардың жақсы көңіл-күйде,жағымды әсер алу үшін ата-аналармен ойын жаттығулар жүргізілді.