«Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
27
январь
2021

«Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел

«Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында суицидтің алдын алу мақсатында  2021 жылдың 27 қаңтар күні «Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Көксу АПБ  ЖПҚБ   ЮПТ УПИ  полиция капитаны  Д.С.Бекенов, ТЖО  Г.Мейірбекова, мектеп-гимназия педагог-психологтары Ғ.Белгібаева, М.Майкенова, медбике Ж.Құрманғалиева,5-11-сынып жетекшілері, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Іс-шара барысында полиция капитаны   Д.С.Бекенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысымен бекітілген «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Педагог-психолог   Ғ.Белгібаева « Қашықтықтан білім алып жатқан оқушылардың психикалық денсаулығын қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі» атты дәріс оқыды. Дәрісте қашықтықта оқыту кезінде баланың психикалық денсаулығына маңызы және балаға  сауатты әрі дер кезінде жәрдемдесуге болады, бұл әрекетті неден бастау керек? деген сұраққтарға жауап берді. Қиын жағдайда балаға мәселені шешуге  көмектесуі үшін қажет міндетті үш ережемен таныстырды.

Мектеп медбикесі   Ж.Құрманғалиева теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын  ұсыну мақсатында   «Стресс дегеніміз не?» тақырыбында сөз қозғады және  стрестің физиологиялық және  психологиялық белгілеріне тоқталды. Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?-деген сұраққа жауап ретінде оны болдырмаудың  төрт  жолын атап көрсетті.

Педагог-психолог М.Майкенова бала  бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себептеріне тоқталып,ата-ананың осы жағдайдағы ролін айтты.Оқушыға берілетін  психологиялық көмектің төрт түрлі бағдарын саралап,ата-аналарға кеңес берді.


Қашықтықтан білім алып жатқан оқушылардың психикалық денсаулығын қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі (ата-аналар оқуы)


Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы 

Белгібаева Ғ.Н.


Әлемдік пандемия салдарынан телекоммуникация құралдарының көмегімен шәкірттердің барлығы қашықтан білім алып жатқандығы баршамызға мәлім. Сол оқушыларға білім беретін ұстаз орнын да, сөзіне құлақ салатын психолог рөлін де, қолдау білдіретін достарды да, кеңес беретін тьютор рөлін де ата-ана орындап жатқаны да жасырын емес. Өз кезектерінде білімді өз беттерімен алып, достарымен қатынасты онлайн жүйеге ауыстырып, өз тайм-менеджментін өзі құрастырып жүрген балалардың психикалық денсаулығы олардың өнімді жұмыс жасауына кедергі келтіріп жатқанын да айта кету керек. Осы ретте, балаға жайлы психикалық орта қалыптастыру үшін, өзімен берік қатынас орнатып, өзіне сенімділікті арттыру үшін ата-ананың рөлі орасан зор. Бір сөзбен айтқанда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығының ақсап қалмауына ата-ана баса назар аудару керек.


Жалпы, психикалық денсаулық деген не? Психикалық денсаулық деп адамның күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі қиыншылықтарды еңсере алатын, өнімді жұмыс істеуіне көмек беретін, өз әлеуетін іске асыра алатын ағзаның саулық күйін атайды. Яғни, қимыл-қозғалысты күнделікті нормада ұстап тұруға физикалық денсаулық қалай қажет етілсе, психикалық денсаулықтың да маңызы соншалықты зор. Әрі екеуі бір-бірінсіз жүзеге аса да алмайды.


Ата-ана ретінде баланың психикалық денсаулығына маңызды, сауатты әрі дер кезінде жәрдемдесуге болады. Бұл әрекетті неден бастау керек? Алдымен баланың не ойлайтынын, оның жан-дүниесінде нелер болып жатқанын сөйлесу, екіжақты диалог арқылы білуге болады. Ол үшін қарапайым қағида- өз көңіліңізді балаға аудару, уақыт бөлу. Осыдан кейін психикалық денсаулықтағы кінәраттардың бар-жоғы анықталады. Баланың психикалық денсаулығына күтім көрсету де, физикалық аурудың алдын-алу сияқты маңызды. Ол үшін ата-ананың баламен қамқор қарым-қатынас құруына көмектесу, балаға өзін жақсы сезіну үшін оларға өз қадір-қасиетін бағалау сезімін дамытуға көмектесу, олардың сезімдерін құрметтеу, үйде жайлы орта қалыптастыру және қиын жағдайда балаға мәселені шешуге көмектесуі міндет болып табылады.


Біріншіден, балаларға мықты, қамқор қарым-қатынастар құруға көмектесіңіз. Бұл дегеніміз күнделікті бір уақытта бірге уақыт өткізу, мәселелерді шешу жолдарын өзі көрсету, оның істеріне, бастамаларына шынайы қызығушылық таныту болып табылады.


Екінші ереже баланың өзінің маңыздылығын сезіну үшін, өз қадір-қасиеттерін бағалау сезімін дамытуға көмектесу. Оны ең алдымен қарапайым құшақтасу, жақсы көретініңізді білдіру арқылы көрсетуге болады. Бір істі ойдағыдай атқарса мақтап, кемшін тұстары болса қателіктерінен сабақ алуға үйрету маңызды. Қай жерде жүрсе де оның үйінің сүйіспеншілік пен махаббатқа толы орта екендігін көрсету керек.


Үшіншіден, баланың қандай да эмоциясын қабылдай алу маңызды. Онлайн сабақ кезінде жағымсыз жайттар орын алса, бір іске шамасы жетпей құлазыса барлық сезімдерінің орын алуға хақы бар екендігін ұмытпау керек. Сонымен қатар осы тұста шекараны кеңейтіп отыру, артық үстемдік көрсетпеу, араны ажыратып алмау қажет. Жоғарыда аталған мәселелердің бастапқы сатысы туындаған жағдайда балаға көмек сұрауды үйрету де бей-жай қарайтын дүние емес болып табылады.


Баланы жарық дүниеге әкеліп, мына өмірге бейімделіп кетуіне қандай әрекеттер жасап жүрсеңіз алдында кездескен әрбір қиындықта да оған жәрдемдесу сіздің міндетіңіз. Баламен бірге заман ағымына ілесу, соңғы жаңалықтардан хабардар болу, барлығын бақылауда ұстау және ең бастысы денсаулығын жан-жақты бақылай алуыңыз да кезек күттірмейтін мәселе. Жан саулығын сақтау перзентіңіз үшін ең бастысы болып табылады.



 

Родителям психологиялық кеңес

 Педагог-психолог М.Майкенова


 

 Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталамын. Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтамын. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр. Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
 Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Үлкендер бала психикасының мән-жәйі туралы түсінп, оны мұқалтпаудың маңызын, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы тиімді.

Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор. Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.
 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив