Дөңгелек үстел!
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Тыйым салынған діни ағымдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2016 жылдың 17 қараша күні «Тыйым салынған діни ағымдар» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Балпық би ауылдық мешітінің имамы Ерімбет Еділбек 8-11-сынып оқушылары, ұстаздар және ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша дінтану пәнінің мұғалімі М.Көбеева «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие » тақырыбында баяндама оқып, оқушыларға қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші факторлар мен діни көзқарастар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Өз кезегінде сөз алған имам Ерімбет Еділбек оқушылардың ислам діні туралы түсініктерін тереңдетіп, қазіргі кезде қоғамда орын алып отырған теріс пиғылды діни ағымдар жайлы әңгімелеп, балаларды ата-баба дінінен алшақтамауға шақырды.
Шара барысында тақырып аясында бейнефильм көрсетіліп, оқушылар өз ойларын
ортаға салды. 8 ә сынып оқушысы Қайрат Шариғат, 9ә сынып оқушылары Серік
Ризабек , Базарбек Шалқар, 9а сынып оқушылары Кенжеханова Нұрлы , Сырлыбай
Елдана сынды оқушылар дінге
көзқарастарын ортаға салып, оқушыларды теріс пиғылды діни ағымдардан аулақ
болуға шақырды.