02
октябрь
2020
"Заң және біз"
Жасөспірімдердің құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Бекенов Дархан Сатайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған бейнеролик көрсетіліп, балалардың суық қару ұстамау керектігі баса айтылды. Сонымен қатар үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған оқушылардың заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді. Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.