«Мектебім, саған мың алғыс!» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
25
май
2024

«Мектебім, саған мың алғыс!»

25 мамыр күні  мектеп-гимназия фойесінде  2023-2024 оқу-жылының қорытындысы бойынша  «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді. 

2023-2024 оқу-жылының қорытындысына орай  өткізілген жиынның мақсаты- оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.

Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы салтанатты жиын  25 мамырда сағат 9.30 –да басталды.

Іс-шараны өткізу мектептің директорының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізілді.

Мектеп бітірушілер іс-шарасын  бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырды.

Жиынды педагог-логопед  Н.Нурдаулетова және физика пәнінің мұғалімі Ғ.Қайрат жүргізді.

 Салтанатты жиында 11-сынып түлектерінің 1- сыныптан- 11 сыныпқа дейінгі оқушылардың фотоларынан слайдшоу әзірлеп, көрсетілді; оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты. Ұстаздар мен білім ұясына алғыс айту әнін орындап, өлеңдер оқыды.   

Лучший оқушылар, қоғамдық жұмыс белсенділері мақтау қағаздарымен марапатталды.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынның  құрметті қонақтары ретінде Көксу ауданының білім бөлімінің әдіскері Мырзахмет Рауан Сәбитханұлы, ардагер ұстаз, әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызы және мектеп-гимназияны 10 жыл бұрын аяқтаған түлектер қатысты. 

Мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Көксу ауданының білім бөлімінің әдіскері Мырзахмет Рауан Сәбитханұлы, ардагер ұстаз, әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызы және «Жас түлек-2014» түлектер атынан Болатбек Алина құттықтау сөз сөйледі.

Жиында санитарлық режим, сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау шарттары қатаң қамтамасыз етілді. 

Мектеп-гимназия ұстаздары кезекшілік жасалды.

Учаскелік полиция қызметкерлерін тарта отырып, барлық үй-жайларда және мектеп аумағында кезекшілік жасалып, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу басты назарға алынды.

Салтанатты жиынды өткізу барысында аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойына экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға жол берілген жоқ.

2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырауды соғу құрметі 11 А сынып оқушылары:  математика пәнінен Республикалық олимпиаданың І орын иегері Кульджахан Жалғас және «Ерекше үлгідегі аттестатқа»  үміткер   Мырзакерім Айгерімге тапсырылды.

Жиын мектеп бітіруші түлектердің «Мектеп бітіру вальсімен» аяқталады.

 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына  кешкі уақыттарда ойын-сауық орындарына бармау, қымбат көлік жалдамау туралы қатаң ескертілді.

Кешкі уақытта мектеп әкімшілігі, 11-сынып жетекшілері және ата-аналары АПБ инспекторымен бірлесіп, «Түнгі қаладағы бала» акциясы аясында түнгі рейд ұйымдастырып, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алады.

Салтанатты жиын туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды.

https://www.instagram.com/p/C7YWaQOCHfg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив