«Мен оқыған ертегі» кітап мұқабасы көрмесі
2025 жылдың 9 қазаны күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Өзің оқып, өзгеге ұсын» READx форматында «Мен оқыған ертегі» кітап мұқабасы көрмесі өтті. Іс-шараны мектеп кітапханашылары Ж.Самажанова мен Э.Калибаева ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, ертегілер әлемі арқылы рухани және эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру. Оқушылар өздері оқыған ертегілер бойынша өз қиялымен кітап мұқабаларын жасап,