«Қауіпсіз қоғам – жарқын болашақ кепілі»
2025 жылдың 9 қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Қауіпсіз қоғам — жарқын болашақ кепілі» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, заңға бағыну мен тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз қоғам құрудағы әрбір адамның жауапкершілігін ұғындыру болды.
Кездесуге құрметті қонақтар ретінде:
- Аналар кеңесінің мүшелері Билибаева Алия Имбергенқызы мен Көпбаева Марқаш Қауысқызы;
- Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ, полиция капитаны Тасболатова Айдана Тасболатқызы;
- Көксу АПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ, полиция аға лейтенанты Оразалие Диас Қайратұлы
- Ұлдар кеңесінің төрағасы Ғибадат Қайратұлы;
- Қыздар кеңесінің төрағасы Айтқазы Айым Талғатқызы
- Әдеп және құқық менторы Нүсіпжанов Саян Айдарұлы қатысты.
Кездесу барысында қауіпсіз қоғам құрудың маңызы, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке кеңістік пен жыныстық тиіспеушілік мәдениеті туралы өзекті тақырыптар қозғалды. Ашық микрофон алаңында оқушылар пікір білдіріп, сұрақтар қойды.
Шара соңында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың жастардың қоғамдағы рөлі туралы айтқан ойлары негізге алынып, оқушыларға қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңызы ерекше атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DPlrwcrjJt3/?igsh=ODNhdHFsMTl0dDB3


