Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында онкүндік өтті.
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №3-н бұйрығына сәйкес онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары арасында лаңкестік қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5-11-сынып оқушылары арасында апталық жиын өткізіліп, «Экстремистік іс-әрекетке барғаны үшін құқықтық жауапкершілікке тарту» туралы Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тасболатқызымен кездесу өтті.