Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында онкүндік өтті.
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №3-н бұйрығына сәйкес онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілуде.
Мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары арасында лаңкестік қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
5-11-сынып оқушылары арасында апталық жиын өткізіліп, «Экстремистік іс-әрекетке барғаны үшін құқықтық жауапкершілікке тарту» туралы Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тасболатқызымен кездесу өтті.
https://www.instagram.com/p/C1_tz7EiJrx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA2024 жылдың 11 қаңтар күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы, мектеп-гимназия мұғалімдері және 8-11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға барлығы 15 мұғалім және 8-11-сынып оқушыларының 155 оқушысы қатысты.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның ТІЖО Г.Мейрбекова кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Өткізіліп отырған кездесудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында толық мәлімет берді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның құқықтану пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында баяндама оқып, қосымша мәлімет берді және оқушыларға экстремизм мен терроризм әрекеттеріне барғаны үшін құқықтық жауапкершілік жайлы заңнамаларды түсіндірді.
Шара барысында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында презентация және бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында оқушылар дінтанушы Бердібек Нұқтарұлына өздерінің сұрақтарын қойып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.
http://zhalaiyri-balpyk.koksu.edu.kz/main/1741-dni-jekstremizm-men-terrorizm.html
https://www.instagram.com/p/C19GfJoC717/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C19GKAPCCs4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18 қаңтар күні оқушылар арасында «Діни экстремизм мен терроризм деген не?» бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/C2Orwt-i7aO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C2Oq6Pyi9ZU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Әр аптаның жұма күндері ауылдық мешіттке кезекшілік ұйымдастырылып, оқушылардың сабақта болуы қадағаланды.
Кесте бойынша кезекшілік жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушылары сабақ уақытында мешітке бармайды.
22 қаңтар күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онкүндігі аясында оқушылар арасында лаңкестік қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/C2ZC8siiqRO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA24 қаңтар күні «Дін туралы көзқарасым» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 7-11-сыныптардың 212 оқушысы қатысты.
Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 75 % оқушылар дін туралы түсінікті ата-аналарынан алатынын атап өткен. Сабақ уақытында мешітке бармайды. Кері ықпалды сайттар мен теріс ағымдағы діни ағымдағы әдебиеттерге қызығушылығы жоқ.
Мектеп-гимназия ғимаратына бөгде адамдар мен автокөліктердің кіру тәртібін бақылау қадағалауға алынған, бөгде адамдардың оқу ғимаратында бақылаусыз қалуына жол берілмейді.
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онкүндік аясындағы іс-шаралар жоспарға сай жалғасатын болады.