«Діни экстремизм мен терроризм»
2024 жылдың 11 қаңтар күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы, мектеп-гимназия мұғалімдері және 8-11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға барлығы 15 мұғалім және 8-11-сынып оқушыларының 155 оқушысы қатысты.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның ТІЖО Г.Мейрбекова кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Өткізіліп отырған кездесудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында толық мәлімет берді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның құқықтану пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында баяндама оқып, қосымша мәлімет берді және оқушыларға экстремизм мен терроризм әрекеттеріне барғаны үшін құқықтық жауапкершілік жайлы заңнамаларды түсіндірді.
Шара барысында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында презентация және бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында оқушылар дінтанушы Бердібек Нұқтарұлына өздерінің сұрақтарын қойып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.