11
November
2022
Жасөспірім және нашақорлық
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда 8-11- қараша аралығында ата-аналар жиналыстары өтті. Ата-аналар жиналысындағы қаралған бір мәселе «Жасөспірім және нашақорлық» болды. Жиналыста ата-аналарға есірткі туралы ақпараттар беріліп, жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қаралды. Parents сынып жетекшілер презентациялар көрсетіп, мектеп педагог-психологы Ғ.Белгібаева нашақорлықтың алдын-алуға арналған ақыл-кеңес берді.Мектеп медбикесі А.Сатай нашақорлықтың басы темекі мен уытқұмарлықтан басталатынын, соңы ауыр нашақорлыққа соғатынын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.