«Нашақорлыққа жол жоқ»
2022 жылдың 21 қазан күні мектеп-гимназияның 8-сынып оқушыларымен Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты А.Тасболатқызы «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Нашақорлық ортақ қасірет», «Темекінің зияны» атты бейнефильмдер көрсетілді. Мектеп медбикесі А.Сатай бүгінде жастар арасында есірткіге кеткендердің қатарында саны азайMay отырғандығы және өз өміріне балта шауып, ғасыр дертіне шалдыққандардың 13 пайызы АИТВ және С гепатитімен ауыратынын атап өтті. Өздері қолдан дерт жамаған бұл ауруды олар ине салу арқылы жұқтырады, әлемде ондай науқастардың саны 7 млн. құрайтынын ескертті. А.Тасболатқызы «Нашақорлыққа жол жоқ» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіріп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дәріс барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқылады. Есірткі айналымына байланысты Заң баптары айтылып, заңмен жазалану жауапкершілігі түсіндірілді. Мектеп-гимназия оқушылары осы тақырыпта өз ойларын білдіріп, талқылады. Заң қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, жауаптар алды.