29
October
2021
"От-адамның досы және жауы" атты кездесу өтті.
Ағымдағы жылдың 26 қазан күні 5 б сынып оқушыларының қатысуымен «От- адамның досы және жауы» тақырыбында кездесу өтті.
Шараның мақсаты-оқушылар арасында төтенше жағдайлар туралы түсінің қалыптастыру және от қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
Schoolchildren тақырыпқа сай презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Өрт сөндіру құралдары көрсетіліп, оларды қолдану жолдары түсіндірілді.
Күнделікті өмірде отты қауіпсіз қолдану және өрттен сақтану, өрт болған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі таныстырылды.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушыларды аудандық төтенше жағдайлар бөліміне танымдық экскурсияға шақырды.
Оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойды. Тәрбиелік іс-шара туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды.