Тәуелсіздікке тарту
Тәуелсіздікке тарту
17 қарашада Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтан» үйірме жетекшісі Күреңов Құсайын Оразақынұлының ұйымдастыруымен 5,6,7- сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып мектепішілік біріншілік жарысы өтті.
Жарыс 5 ойыннан тұрды. Есепке жүйріктік пен ұшқыр оймен ойлануды қажет ететін жылдам ширақ ойнау ойынына әр сыныптың 30дан аса мықты ойыншылары қатыстырылды. Жарыстың ашылуына және марапаттау кезеңінде мектеп-гимназия директоры Мұратбек Баянұлының және мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Айдынгүл Жүрекқызы қатысты.Мұратбек Баянұлы ұлттық ойынның шығу тарихына кең тоқтала келе, ауданда мектеп намысын қорғап, ары қарай ойындарын шыңдап, облыс намысын қорғайтын ойыншылар мектеп-гимназиядан шығады деген сенім білдірді, жеңімпаздарды құттықтады. Ұлдар арасында І орынды 7ә сынып оқушысы Төлепберген Алмас,ІІ орынды 7ә сынып оқушысы Жұмаділ Қанат және 6ә сынып оқушысы Қилыбек Абылай, ІІІ орынды 7ә сынып оқушылары Нүсіпбай Нұрасыл, Сейталы Нұрдаулет және 5ә сынып оқушысы Ұлан Елжас иеленді.
Қыздар арасында І орынды 6б сынып оқушысы Алимжанова Қарақат,
ІІ орынды 5ә сынып оқушысы Серікқызы Назерке,6 ә сынып оқушысы Нұрқасым Жансая,ІІІ орынды 5 ә сынып оқушылары Нұрбек Сая мен Бейсен Жібек иеленді. Жеңімпаздар мектеп-гимназия директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар алдағы жарыстарға жақсы дайындықпен келіп,үлкен жетістікке жетуге сенім білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарасты.