Қазақстан достықтың киелі бесігі!
Қазақстан-достықтың киелі бесігі
1 мамыр -Қазақстан халықтарының достығы мерекесі қарсаңында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Қазақстан-достықтың киелі бесігі» атты мерекелік достық фестивалі өтті.Шараға 1-11- сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Алғашқы болып сөз алған мектеп-гимназия директоры М.Б.Төлекенов мерекелік шараға жиналған көпшілікті Халықтар достығы мерекесімен құттықтай отырып, 130 дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан - мызғымас достықтың үлгісін көрсетіп отырғандығын айта келе, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Отанымыз саяси даму жолында бұдан да жоғары деңгейлерге жетеді деген сенім білдірді. Мектеп-гимназия оқушылары 1991-2015 жылдар арасында тәуелсіз Отанымыз Қазақстанның қол жеткізген жетістері туралы сахналық қойылымдар көрсетіп, Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің киім үлгілерін киіп ән шырқап, би билеп, бейбіт өмір мен достық мерейін паш етті.