31
August
2016
Мерекелік іс-шаралар
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты жас суретшілер байқауы өтті.
Көктемгі каникул күндері Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты жас суретшілер байқауы өтті.Байқауды бастауыш сынып мұғалімі Д.Айтахунова ұйымдастырды. Жас суретшілер Отанымыз-Қазақстанның әсем табиғатын, көрікті қалаларын және Отанымыз-Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қол жеткізген жетістіктерін паш етті. Оқушылардың салған үздік суреттерінен көрме безендірілді.