«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабағы өтті
2025 жылдың 17 сәуір күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 1-4-сынып ата-аналарына арналған 8-сабағы «Бақытты ана болудың құпиялары»
тақырыбында өтті. Сабақты 7 А сынып жетекшісі Б.Құсманова, және 11А сынып жетекшісі М.Мұратқызы, 11Б сынып жетекшісі Ж.Тулендинова өткізді.

5-9-сынып ата-аналарына арналған 8-сабағы «Бақытты әке болудың кілті өз қолыңда» тақырыбында өтті. Сабақты 8 А сынып жетекшісі Н.Мажен және 9 А сынып жетекшісі Н.Вахреева және 11 Ә сынып жетекшісі А.Жұмағұлова өткізді.

10-11- сынып ата-аналарына арналған 8-сабағы «Болашаққа көзқарас: балаға өз әлеуетін ашуға қалай көмектесуге болады» тақырыбында өтті.Сабақты педагог-психологтар М.Майкенова мен А.Айтбекова өткізді.
