"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" кезекті 3-сабағы өтті
2024-2025 оқу жылында мектеп-гимназияда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру бойынша қызмет ұйымдастырылды. Мектепішілік №146 бұйрық негізінде «Даналық мектебі» клубы мен «Ата-аналар мектебінің» Бағдарламасын іске асыру үшін «Адамның үйлесімді дамуы» институтының 80 сағаттық курсын оқыған, сертификаты бар мұғалімдерден тұратын жұмыс тобы құрылды.Жұмыс тобында 17 педагог бар.
2024-2025 оқу жылына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабақ бағдарламасы бекітілді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру арқылы «Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы» жаңа бағытын құра отырып, Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына Бағдарламаны іске асыру қосылды.
Мектепішілік бақылау жоспарының тарауларына Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін іс -шараларды өткізу мерзімдерін айқындай отырып толықтырулар енгізілді. 1-11-сынып жетекшілері ата-аналардың Бағдарламаға қатысуын қамтамасыз етуде, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, ата-аналар жиналыстарында Бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде.
Мектеп-гимназия әкімшілігі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті әлеуметтік желілерде және мектеп сайтында ілгерілетуді жүзеге асыруде. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметке мектептің өзін-өзі басқаруы, мектептің Қамқоршылық кеңесі тартылды.Мектеп-гимназия әкімшілігінің функционалды жауапкершілігіне Бағдарламаны іске асыруға бағытталған толықтырулар енгізілді.
2024 жылдың 21 қараша күні «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында
1-4-сынып ата-аналарына арналған 3-сабағы «Назар аударуды дамыту» тақырыбында өтті.
Сабақты 2 Ә сынып жетекшісі Д.Сагиева және 8 Ә сынып жетекшісі З.Темірғали өткізді.
https://www.instagram.com/p/DCoU7mlifCk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

5-9-сынып ата-аналарына арналған 3-сабағы «Жадыны дамыту тақырыбында өтті. Сабақты 7 А сынып жетекшісі Б.Құсманова және 11 Б сынып жетекшісі Ж.Тулендинова өткізді.
https://www.instagram.com/p/DCoVutfiSN_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

10-11- сынып ата-аналарына арналған 3-сабағы «Өмір бойы оқыту: неге? қалай?» тақырыбында өтті.Сабақты 8 А сынып жетекшісі Н.Мажен және 9 А сынып жетекшісі Н.Вахреева өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCoX5aMCN6z/?utm_source=ig_web_copy_link

«Даналық мектебі» аясында Әкелер мектебінің «АТА КӘСІП – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ» тақырыбындағы сабағы өтті. Сабақты 6 А сынып жетекшісі Ә.Кемелова және 11 А сынып жетекшісі М.Мұратқызы өткізді.
https://www.instagram.com/p/DCoXIFuCmY3/?utm_source=ig_web_copy_link