"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" екінші сабағы өтті.
2024-2025 оқу жылында мектеп-гимназияда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру бойынша қызмет ұйымдастырылды. Мектепішілік №146 бұйрық негізінде «Даналық мектебі» клубы мен «Ата-аналар мектебінің» Бағдарламасын іске асыру үшін «Адамның үйлесімді дамуы» институтының 80 сағаттық курсын оқыған, сертификаты бар мұғалімдерден тұратын жұмыс тобы құрылды.Жұмыс тобында 17 педагог бар.
2024-2025 оқу жылына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабақ бағдарламасы бекітілді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру арқылы «Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы» жаңа бағытын құра отырып, Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына Бағдарламаны іске асыру қосылды.
Мектепішілік бақылау жоспарының тарауларына Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін іс -шараларды өткізу мерзімдерін айқындай отырып толықтырулар енгізілді.
1-11-сынып жетекшілері ата-аналардың Бағдарламаға қатысуын қамтамасыз етуде, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, ата-аналар жиналыстарында Бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде.
Мектеп-гимназия әкімшілігі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті әлеуметтік желілерде және мектеп сайтында ілгерілетуді жүзеге асыруде. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметке мектептің өзін-өзі басқаруы, мектептің Қамқоршылық кеңесі тартылды.Мектеп-гимназия әкімшілігінің функционалды жауапкершілігіне Бағдарламаны іске асыруға бағытталған толықтырулар енгізілді.
2024 жылдың 10 қазан күні «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында
1-4-сынып ата-аналарына арналған 2-сабағы " Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру" тақырыбында өтті. Сабақты 5 А сынып жетекшісі Г.Тынысбек өткізді.
https://www.instagram.com/p/DA8OAxkCr2O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5-9-сынып ата-аналарына арналған 2-сабағы "Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион" тақырыбында өтті.
Сабақты 7 Ә сынып жетекшісі С.Қасымбаева және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. А.Кргабакова
https://www.instagram.com/p/DA8GMxfCaYB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
" 10-11- сынып ата-аналарына арналған 2-сабағы "Тамақ ішу" тақырыбында өтті.Сабақты 5 Б сынып жетекшісі С.Жапсарбаева мен 6 Б сынып жетекшісі М.Айдарқызы өтті.
https://www.instagram.com/p/DA8PgTuCbZq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Даналық мектебі» аясында Аналар мектебінің "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі..." тақырыбындағы сабағы өтті.
Сабақты бастауыш сынып мұғалімдері Д.Бектемисова және Ә.Абдрахманова өткізді.Мектеп кітапханашылары Ж.Самажанова мен Э.Калибаева жаңа кітаптармен таныстырып, ата-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға шақырды.
https://www.instagram.com/p/DA8NZ3uCN-u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==