03
февраль
2025
Кәсіптік бағдар берілді
«Серпін» бағдарламасы – Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі жастарды солтүстік, шығыс және орталық аймақтардағы жоғары оқу орындарына тарту арқылы жұмыс күші тапшы аймақтарды мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жоба. Бағдарлама аясында студенттер тегін білім алып, стипендиямен қамтылып, жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Осы бағларлама аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің “Серпін” бағдарламасы бойынша химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, Мукажанова Жазира Бигалиевна Көксу ауданының 11-сынып оқушыларымен кездесіп, университеттің білім беру бағдарламаларымен, оқыту артықшылықтарымен, жеңілдіктерімен таныстырып, кәсіптік бағдар берді. Кездесуге Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы, Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Тойбазаров Қайсар Серикович және Керімбай Ақжол Болатқанұлы қатысты.