17
October
2023
"Есірткісіз болашақ"
«Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектеп-гимназияда есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде мектеп-гимназияда түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз. Осы ретте мектеп-гимназияда құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу болып өтті. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту мақсатында Көксу ауданы прокуратурасының прокурорлары Шағырбай Қайсар Талғатұлы, Ашимов Алишер Жанатұлы нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне залалы туралы жинақтаған ақпаратымен бөлісті. Арнайы бейнебаян мен жинақтаған материалдарымен бөліскен, көкейдегі сұрақтарға жауап табылған басқосу болды.