«АИТВ/ЖИТС – қауіптің алдын алу өз қолыңда!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2025

«АИТВ/ЖИТС – қауіптің алдын алу өз қолыңда!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2025 жылдың  7 қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «АИТВ/ЖИТС – қауіптің алдын алу өз қолыңда!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының» мамандары – Қуатбекова Дина Асхатқызы және Қалияхметова Мадина Қуатқызы қатысты.

Мамандар 9–11-сынып оқушыларына АИТВ инфекциясы мен ЖИТС ауруының таралу жолдары, алдын алу шаралары, адамның денсаулығына және өмір сапасына әсері туралы кең көлемде ақпарат беріп, бейнероликтер мен нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, оқушыларға денсаулықты сақтау мәдениеті, жеке гигиена мен қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы, жұқпалы аурулардан қорғанудың жолдары туралы кеңес берілді. Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі жағдайларда өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар ұсынды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің медициналық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, АИТВ туралы қате түсініктердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.

Кездесу соңында қатысушылар профилактикалық жадынамалар алып, АИТВ-ның алдын алу жолдары жөнінде ақпараттық парақшалар таратылды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив