«Интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2025

«Интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2025 жылдың 30 қыркүйек күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуді Көксу ауданы прокуратурасының прокуроры Досабаев Жандос Қуатұлы өткізді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты — педагогтар мен оқушылардың интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, цифрлық сауаттылықты арттыру және онлайн алаяқтықтың түрлерін тану мен алдын алу жолдарын үйрету болды.

Кездесу барысында Жандос Қуатұлы интернет арқылы жасалатын қаржылық және жеке деректерге бағытталған алаяқтық әрекеттердің түрлері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылатын жалған ақпараттар мен күмәнді сілтемелердің қауіптілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ол нақты өмірлік мысалдар келтіре отырып, қылмыстық жауапкершілік, құқықтық нормалар, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша құқық қорғау органдарының жұмысы туралы мағлұмат берді. Мұғалімдерге және оқушыларға жеке мәліметтерді қорғау, интернеттегі бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, күмәнді хабарламаларға сенбеу жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, прокуратура өкілінен нақты жауаптар алды. Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігінде жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту бағытында тиімді өтті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив