«Отбасындағы зорлық — үнсіз қалма!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2025

«Отбасындағы зорлық — үнсіз қалма!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2 желтоқсан күні «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық компаниясы аясында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Отбасындағы зорлық — үнсіз қалма!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Ж. Абишева ұйымдастырып, кездесуге Көксу ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Шайқазан Рахима Батыржанқызы және қыздар кеңесінің жетекшісі А. Айтқазы қатысты.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдары түсіндірілді. Полиция қызметкері зорлық-зомбылыққа қатысты заң талаптары мен жаза түрлерін түсіндіріп, көмек сұрау жолдарын атап өтті. Қыздар кеңесінің жетекшісі оқушыларға жеке шекараны сақтау, қауіпсіздік мәдениеті және сенім телефондарына хабарласу жолдарын айтты.

Оқушылармен пікірталас ұйымдастырылып, олардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив