30
март
2022
«Жақсы қарым-қатынас» ойын-жаттығуы
Жоспарға сай 30 наурыз күні жағымды қарым-қатынас орнату және қарым-қатынас кезінде оқушылардың өзара әрекеттесіп, түрлі жағдайды шешуге көмектесу өзін-өзі түсіну, орта мен үйлесімділік қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, жағымсыз көңіл –күйден арылу,өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында 5- сынып оқушыларымен «Жақсы қарым-қатынас» ойын-жаттығуы өтті. Тренинг құрлымы мына бөліктерден тұрды: «Мақтаныш столы», «Мен саған сенемін», «Бір – бірімізге жаман сөз айтамыз », «Дос іздеймін» . Ойын жаттығулар арқылы оқушылар өзара қарым –қатынастарын,бір-біріне деген сенімділігін арттырды. Ойын жаттығулар аяқталғанан кейін кері байланыс жасалды.