11
февраль
2022
Дұрыс тамақтанудың ережелері
11.02.2022 күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясының медбикесі А.Сатай оқушылар арасында «Дұрыс тамақтанудың ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен таныстыру;
оқушылардың сөздік қорларын дамыту;
оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Барысы:
Медбике: Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс тамақтану. Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Тамақтану- адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.
Тамақтану мәдениеті
Тамақтану ережесі
Денсаулығын жақсы болу үшін тамақтану ережесін сақтау керек. Тамақта әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді.
Тамақтану режімін сақта.
Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу.
Тамақ әртүрлі жаңа өнімдер мен жеміс-жидектерден тұруы тиіс.
Қант пен тәтті тағамдарды аз пайдалан.
Ащы тағамдарды көп жеме.
Тамақты асықпай жақсылап шайнап жеу керек.
Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолыңды сермеп жаныңдағыларды алаңдатарлықтай әңгіме айтпа, теледидар қарап, газет оқыма.
Тамақ ішіп болған соң міндетті түрде рахмет айт.

- Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.
- Тамақты жие қабылдау, майлы, тәтті, тұзды тағамдарды пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі де әсер етеді.