Отбасылық тәрбие бағытында қараша айында өткізілген іс-шаралар
4 қараша күні мектеп-гимназия психологтары Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова мектеп-гимназия ата-аналары арасында «Бала тәрбиесінде кездесетін кемшіліктер» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Баланың оқу үлгерімі мен көңлі-күйі отбасындағы ахуалға тікелей байланысты екендігі туралы ескертіліп, тақырыпқа сай дайындалға бейнероликтер әлеуметтік желілерде таратылды.
https://www.instagram.com/tv/CV2hsiPFXcC/?utm_=share_sheet
16 қарашада 7 б сынып оқушысы Қуаныш Қаршыға туралы «Жетісу» телеарнасында «Бір бала» атты танымдық бағдарлама көрсетілді. Бағдарламада қазақ күйлерін шебер орындайтын жас домбырашы Қуаныш Қаршығаның өнері, өнерлі баланың отбасы таныстырылды. Бағдарламаның үзіндісі мектеп-гимназияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында насихатталды.
https://www.instagram.com/p/CWVtf5dM0tN/?utm_=share_sheet
«Қазақтың 100 әні» жобасы аясында 10 ә сынып оқушысы Шалқанова Томирис «Әке туралы жыр» әніне өзінің әкесі жайлы бейнеролик дайындап, отбасындағы әкенің алар орнына назар аударды.
https://www.instagram.com/tv/CV8acIDFdpB/?utm_=share_sheet
12 қараша күні өткен ата-аналар жиналысында құқықтық оқыту жоспарына сәйкес «Құқықтық сауатты болайық» тақырыбында құқықтық дәріс оқылып, отбасындағы жағымды көңіл-күйдің бала психологиясына тигізер әсері жайлы айтылды. Жиналысқа 1-11-сыныптардың ата-аналар кеңестерінің төрағалары, мектеп-гимназия әкімшілігі, қамқоршылық кеңес төрағасы қатысты.
https://www.instagram.com/p/CWLxIqss5Uj/?utm_=share_sheet