Рухани-танымдық тәрбиесі бойынша қараша айында өткізілген іс-шаралар
8 қарашада психологтар Ғ.Белгібаева мен М.Майкенованың ұйымдастыруымен «Дау-дамайды шешу жолдары» тақырыбында тренинг өтті.
12 қарашада өткен сынып сағаттары барысында Интернет арқылы жасалатын буллинг туралы түсінік беріліп, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздіқ пен қарым-қатынас мәдениеті жайлы мәлімет берілді. Тақырыпқа сай презентация көрсетілді. Оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салып, пікіралмасты.
https://www.instagram.com/p/CWLx9x8sBg3/?utm_=share_sheet
12 қарашада 9-11-сынып оқушылары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алайық» тақырыбында сынып сағаттар өтті.
https://www.instagram.com/p/CWLxYeWMoMZ/?utm_=share_sheet
16 қарашада 7 б сынып оқушысы Қуаныш Қаршыға туралы «Жетісу» телеарнасында «Бір бала» атты танымдық бағдарлама көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/CWVtf5dM0tN/?utm_=share_sheet
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10-сынып оқушылары оқыған кітаптарға буктрейлер дайындап,әлеуметтік желілерде жариялады.
https://www.instagram.com/p/CWSmJE_Lqym/?utm_=share_sheet
Мектеп-гимназия оқушылары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты аудандық форумға қатысып, мақтау қағазын және бағалы сыйлықтар иеленді.
https://www.instagram.com/p/CWSlpvXrCuS/?utm_=share_sheet
[hide][/hide]