10
ноябрь
2021
«Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі» атты кездесу өтті.
10 қараша күні Көксу АПБ қызметкерлерімен «Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында Көксу АПБ аға инспекторы, полиция капитаны Д.С.Бекенов оқушылар арасында кездесетін құқықбұзушылық пен қылмыс түрлері жайлы баяндай келе, балалар мен жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі туралы түсінік берді. Ең бастысы, балалар тарапынан жасалатын болмашы құқықбұшылықтың қылмысқа әкеліп соғып, адамның бүкіл өміріне кері әсерін тигізетіндігі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Оқушылар полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойып,өз ойларын ортаға салды, берілген пайдалы ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/CWFuP1YL9X0/?utm_=share_sheet