"Арыңды жасыңнан сақта!"
8-10- сынып қыздары арасында «Арыңды жасыңнан сақта!» атты дөңгелек үстел өтті. Ондағы мақсат «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу. Ұят, ар, намыс туралы түсініктерін арттыру. Ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жету мүмкіндіктерін арттыру. Өмірлік әрекетіне, өз мінез - құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту. Бұл дөңгелек үстел ЗУМ арқылы өтті. «Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі,«Тұрпайы мінез тағы бар, надандықтың белгісі» «Ерте жаста жүкті болудың себебі мен салдары » туралы қыздарымыз өз ойларымен бөлісіті. Слайд, видеороликтер көрсетілді. Мазмұны терең тақырып оқушы қыздар үшін пайдалы болды.