Проективті тест "Кактус
Желтоқсан айында баланың жеке өзінің ерекшеліктерін, жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тану мақсатында 5–сынып оқушыларынан «Кактус» атты проективті тес алынды. Бұл тестке қатысқан оқушылардың жұмыстары арқылы бала бойындағы агрессивтіліктің мөлшерін анықтау мүмкіншілігі болды. Кактустың инелерінің көптігі - онда агресияның белгісі.
Инелері үшкір,ұзын,жиі болып салынса,онда агрессияның басымдылығын білдіртеді.
Инелері майда,сирек орналасса , онда өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады,шыдамды. Агрессия деңгейі,өзіне назар аударудың деңгейі,ұйымшылдық деңгейі анықталды. Тест нәтижесі бойынша жағымсыз мінез-құлықты оқушы жоқ. Оқушылардың басым көпшілігінде агрессия байқалмайды. Агрессиялы балалар бар, бірақ агрессиясы күшті емес.