«Білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру»
10 қараша 2025 жылы Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда апталық жиын өтті.
Жиын басында оқушылар ай құндылығы мен апта дәйексөздерін қайталады. Апта дәйексөзінің мағынасы бойынша ойларын ортаға салды.
Жиынның негізгі тақырыбы: «Білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру».
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, төтенше жағдайда өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту болды.
Жиынды тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрбекова Г.Т. ашып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру талаптарымен таныстырды.