"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" тақырыбында пікіралмасу өтті.
2022 жылдың 12 қыркүйек күні мектеп-гимназия ұстаздары мен кіші қызметкерлердің қатысуымен "Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтейік" тақырыбында пікіралмасу өтті.Шара барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау комиссиясының мүшесі Б.Төлеубай мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы мәлімет беріп,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен насихаттаудың маңызына тоқталды.
Шара барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры Р.Хамза ұсынған бейнеролик көрсетілді. Мектеп-гимназияның ұстаздары аталған орталықтың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында қашықтықтан өткен облыстық семинарға қатысты.
https://www.instagram.com/p/CiaQFfytDbx/?igshid=MDJmNzVkMjY=