12
сентябрь
2022
"Государственные символыді құрметтейік"
Мектеп-гимназия ұстаздары мен кіші қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтейік" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында мектеп-гимназия бойынша ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және насихаттау комиссиясының мүшесі Б.Төлеубай мемлекеттік рәміздер туралы терең мәлімет бере отырып, рәміздерді насихаттау мен құрметтеудің маңызына тоқталды. Ұжым мүшелері Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін танытып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-әрбір Қазақстан азаматының парызы екендігін атап өтті.