10
сентябрь
2021
«Жемқорлыққа жол жоқ» сынып сағаттары
2021 жылы 10 қыркүйекте 7-8-сынып оқушырары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғанына тоқталды. Қазақстандықтар үшін жемқорлық бірінші кезектегі міндетіне айналғаны айтылды. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар кезек күттірмейтін мәселе екені айтылып түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуі қажеттілігі айтылып, оқушыларды әрқашан адал болуға шақырды