28
сентябрь
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» сынып сағаты
2021 жылы 28 қыркүйек күні 8ә сыныбының жетекшісі А.Жумагулова, 9ә сыныбында Г.Сұлтанова «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатында тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғанына тоқталды. Қазақстандықтар үшін жемқорлық бірінші кезектегі міндетіне айналғаны айтылды. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар кезек күттірмейтін мәселе екені айтылып түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуі қажеттілігі айтылып, оқушыларды әрқашан адал болуға шақырды.