"Қош бол,алтын-ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2022 жылдың 16 маусым күні «Жас түлек-2022» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназия фойесінде сағат 10.00 – де басталды. Жиынға Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлы, Ғылым және білім қызметкерлерінің кәсіподағының Көксу ауданы бойынша филиалының төрағасы Нусипова Дина Шаяхметқызы және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Аслбекқызы қатысты.