"Танысу" тренингі
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың мектепке бейімделуіне байланысты жүргізілетін жұмыстардың ішіндегі бала үшін ең қызықтысы - ойын жаттығулар. Ойын-жаттығулар арқылы балалар мектепке, мұғалімге, қоршаған ортасына бейімделеді. Балалар бір-бірімен жақсы араласады, тіл табысады, бойларындағы қорқыныш сейіледі. Сонымен қатар балалардың тіл дамуына да ойын жаттығудың үлкен әсері бар.