"Өмірге "Ия" деп айт" акциясы өтті
Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 10 ақпан-10 наурыз аралығында өтетін "Өмірге "Ия" деп айт" акциясы аясында "Өмір-тамаша" тақырыбында флеш-моб өтті. 9 "А"Сынып оқушылары өмір, бақыт туралы өлеңдер оқыды. "Бақыт деген сенің бала күндерің" әніне оқушылар би биледі. Оқушылар түрлі-түсті шарларға жақсы тілектер жазып, бір-біріне сыйға тартты. Шара барысында бақытты балалық шақ насихатталды.