«Ерте жүктілік және оның салдарлары»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында жыныстық тәрбиенің наурыз айының жоспарына сай «Адамгершілік және жыныстық тәрбие» айдарымен көптеген іс-шаралар өтті. Сондай іс-шараның бірі 7б сыныбында 17 наурызда ZOOM форматында өткен «Ерте жүктілік және оның салдарлары» атты тәрбие сағаты болды. Іс-шараны 7б сыныбының жетекшісі Ж.Тулендинова ұйымдастырды. Оқушыларға әлеуметтік ролик көрсетіліп, осындай келеңсіз оқиғаны болдырмау мақсатында түсіндіру жұмысы өтті. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыз бала, бөйжеткен, әйел-ана - бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де, қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды. Ерте жүктіліктін қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс. Жасөспірімдер бір ғана шалыс басқан істің артында үлкен қауіп-қатер бар екенін біле бермейді. Мысалы жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды, қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп қатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмайды соның салдарынан ақауы бар баланың дүниеге келуі мүмкін. Міне, жоғарыда аталған дүниенің бәрі ерте жүктіліктің қауіпті де қатерлі екенін сынып жетекші оқушыларға жеткізді. Осындай жағдай болдырмау үшін не істеу керек?-деген сұрақтарға оқушылар өз ойларын айтып,пікірлерімен бөлісті.