«Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты дөңгелек үстел » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2020

«Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты дөңгелек үстел

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  2020 жылдың 21 желтоқсанда  «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді қыздар кеңесінің жетекшісі Г.Шайза мен педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек ZOOM форматында ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстел барысында қыз баланың тәрбиесі туралы айтып, жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтарға жауап алды. Жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берді.

 Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Іс-шараға қатысқан оқушылардың ойынша ондай келеңсіз жағдайға қыздардың түсуіне бірінші қыздардың өздері кінәлі екендіг айтылды. Дегенмен осы мәселеде жігіттер тарапынан жауапкершіліктің аздығы да тілге тиек етілді.Оқушылар берілген сұрақтар маңында өз ойларын айтып,осы тақырып талқылауға салды.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив