«Адамгершілік және жыныстық тәрбие»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында
жыныстық тәрбиенің наурыз айының жоспарына сай «Адамгершілік және жыныстық тәрбие» айдарымен көптеген іс-шаралар өтті. Сондай іс-шараның бірі «АИТВ (адамның иммун тапшылық вирусы)
инфекциясы» тақырыбында 15 наурыз күні өткен 10а сыныбында, ZOOM платформасында, жетекшісі Тоқан Алияның ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында 2020 жылдағы АИТВ-инфекциясын жаңадан жұқтырған адам саны (3342 жағдай), оның ішіндегі 14 жасқа дейін жұқтырған бала саны-23 екені туралы цифрлық мәлімет берілді. Тіркелген инфекцияның 74%-ы жыныстық жолмен, 14,9%-ы есірткі қолдану кезінде, 0,8%-ы гомосексуалды жолмен, 1,9%-ы анасынан балаға жұққандығы тоқталған сынып жетекші осы індет жастар арасындакөп таралуы көңілге алаңдатушылық туғызатынын жеткізді. Осы мәселе туралы оқушылар өз ойларын жеткізе отырып, жастар арасында осы емі жоқ аурудың болдырмау жолдарына тоқталды.